Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Танымал спортшы Ресейге көшіп кетті

Танымал

Ел аузында

Биатлоннан Қазақстан құрамасы жетекшілерінің бірі Роман Еремин азаматтығын ауыстырды. Спортшы Ресейге көшіп кетті. Бұған дейін желіде биатлоншының Қазақстаннан кеткені және қазір ресейлік старттардың бірінде өнер көрсетіп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді.

«Иә, солай. Мен Новосібірге көшіп, азаматтығымды ауыстырдым. Қазақстандағы мансабымды аяқтадым, жұмыс істеуге кеттім. Новосібірде облыс үшін жарысқа қатысуға мүмкіндігім болды.

Мен бұл спортты жақсы көремін. Мен өзімді дамыту үшін бәрін жасағаныма сенімді болғым келеді. Сондықтан мен Ресей кубогында жаттығып, бақ сынаймын», – деді Еремин.

Еремин Қазақстандағы биатлоншылар арасында көшбасшылардың бірі болды. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды, 2017 жылы Алматыда өткен Универсиадада да қола жүлдегер атанды. 2018 жылғы Олимпиада ойындарында және биатлоннан әлем кубогында ел намысын қорғаған. Соңғы екі маусымда ол әлемдегі ең жылдам 30 биатлоншының қатарына кірген еді.

Abai.kz

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...