Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Жәния Джуринская Түркиядан үй сатып алды

Танымал

Ел аузында

Теңіз жағасында тұруды армандаймын! Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов Түркиядан үй сатып алды. Актриса шетелден алған үйін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тұрғын-үй осы (ақылды үй, бассейн, т.б.). Пәтердің суреті менде жоқ екен. Айтпақшы біз бұл үйді қазаншұңқыры қазылған кезде сатып алдық. Бір жыл ішінде бағасы екі есе өсіп кетті. Жақында үйдің қасынан метро салынады, сөйтіп форбсқа шығамыз. Қысқасы, ұтымды бағамен сатып алдық. Жақында кілтін алып, жиһазын таңдауға барамыз», – деп жазды ол. 

Бұдан бөлек, Жәния өмірде неден қатты қорыққанын айтты. 

«Әкем мені қатал тәрбиеледі. Әр қадамымды тек әкемнің рұқсатымен басатынмын. Макияжға, тырнақ өсіруге, шорты мен белдемшелерге қарсы болатын. Кешкі сағат 10-нан кейін телефонды алып қоятын, кешке серуендеуге рұқсат бермейтін. Барлығы оның бақылауында болды. 

Сол кезде болашақта ешкімге тәуелді болмау үшін барымды саламын деп шештім. Еркектен де, бастықтан да тәуелсіз болу. Менің қорқынышым – еркіндіктен айырылып қалу», – деді ол. 

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Мәдина Сәдуақасова да Түркиядан үй алған болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...