Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Омикрон» штамы жайлы не білуіміз керек: Дәрігер жауап берді

Танымал

Ел аузында

«Омикрон» деп аталатын коронавирустың жаңа штамы әлемде жылдам қарқынмен тарап келеді. Вирустың бұл штамы елге де жетуі мүмкін. Дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында «Омикрон» жайлы білу керек негізгі факторларды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігер «Омикрон» штамының елде болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

«Штаммның біздің арамызда болуы ықтимал. Бәлкім тарап та жатқан шығар. Қазір балалар арасында респираторлық инфекция тарауда. Ол өзгелеріне ұқсамайды. Қызу көтеріліп, кейбірінде тамақ, артынша құлақ ауырады. Бұл африкалық дәрігерлердің сипаттамасына ұқсас. «Омикронның» негізгі белгілері – қызу көтерілу, әлсіздік, тамақ және құлақ ауруы», – деді Мыңжылқы Бердіқожаев. 

Маманның айтуынша, коронавирустың жаңа штамы енді-енді зерттеле бастаған. Сондықтан барлық елдерде штамды зерттеу үшін үлгілер болмауы мүмкін. 

«Әлеуметтік желіде жаңа штаммның пайда болғаны туралы ақпарат лезде тарады. Білуімше, вирус штамы қазақстандық вирусологтарға әлі берілмеді», – деп қосты ол. 

Мыңжылқы Бердіқожаев «Омикронның» жаңа вирус емес, коронавирустың өзгерген нұсқасы екенін айтады. Штамнан қорғану жолдары стандартты, яғни әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағу. 

«Мамандар жаңа штамның қазіргі вакциналарға қарсы тұра алатынын мәлімдеді. «Pfizer» мен «Moderna» компаниялары вакцинаның жаңа нұсқасын жасайтынын айтқан еді. Вакцина алған адамдар да бұл штамды жұқтыруы мүмкін. Бірақ «дельта» штамы секілді вирус жұқтырған адамдарда ауру жеңіл формада өтуі ықтимал», – деп түйіндеді дәрігер-нейрохирург.

Айта кетейік, бүған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вирустың жаңа штамы жайлы ақпараттармен бөліскен еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...