Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Ертең карантин болса, салыққа тиын төлемегендер де ойбай жәрдемақы бер,-деп шығады ғой

Танымал

Ел аузында

НЕ ДЕЙСІЗ?Таксовать етесің. Жолақыны каспиіңе аудартасың ба? Немесе овощной магазинің бар, жұрт алма-картошкасының ақшасын каспиіңе атады ма? Желтоқсанның 1-нен бастап, каспи шотыңа түсіп жатқан осы табысыңа салық салынатын болады. Жо, біреуге қарыз аударып яки қарызыңды қайтарып жатсаң, ешкім 1 тиын ұстамайды. Ал табыс ақшаға тиісті мөлшерде налог қойылады. Осы жаңалық шыққалы — сто, магазині барлар, таксилетіп жүргендер; “Енді, каспимен алмаймын. Қолма-қол бер”,-деп безеріп отыр. Бұлар пайда тауып жатыр, бірақ салық төлегісі келмейді. Сонда 150-170 мың айлық алатын, соның 10%-ын салық етіп төлеп жүрген мен, сен сияқтылар лох, олар ақылды ма? P/S: Әлгі таксист, овощь сататындар Ип боп тіркелсе, бар-жоғы 2-3-ақ процент салық төлейді. Інім нан пісіріп сатады. Пайда тауып отыр, сол пайдасынан 2% салығын төлейді. Күніне 20 мың тапса, әлгі төлейтін 2% салығы 400 ғана теңге шығады. Осыған жылайтын, сол 400 теңгені төлемесі үшін өзін дүниедегі сорлы етіп көрсететін жігіттерді түсінбейм деп еді, бауырым. Бүгінгі коментарийлерді оқып, менде түсінбей далмын. Ертең карантин болса, салыққа тиын төлемегендер де ойбай жәрдемақы бер,-деп шығады ғой. Пародокс…

Нұрбек Бекбау

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...