Карантин режимін бұзған 339 тұрғын айыппұл төледі

Танымал

Ел аузында

«Asһyq» жүйесі қосылғалы барлығы 370 әкімшілік хаттама толтырылды.   Өткен аптада ғана «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқан Павлодар облысында карантин талаптарын сақтамайтын азаматтар азаймай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент мәліметінше, өткен аптада коронавирустық инфекцияға шалдығып, амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жүрген 34 тұрғын «қызыл» мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға кірмек болған. Оларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 1-бабы бойынша айыппұл салынды. «Тамыз-қараша айлары аралығында барлығы 370 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 339 тұрғынның әрқайсысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленді», – делінген департаменттің хабарламасында. Сонымен қатар қалада құрылған мониторингтік топ сенбі-жексенбі күндері 62 нысанда тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 26 нысанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмайтыны анықталды. Әсіресе, қызмет көрсету орындарының уақыт режимін бұзуы, қызметкерлер мен қоғамдық орындарға келушілердің медициналық бетперде кимеюі жиі кездеседі. Оларға қатысты материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Кейін тиісті шаралар қолданылады.  Ажар Дәулетова

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/karantin-rezhimin-buzgan-339-turgyn-ajyppul-toledi

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...