«Asһyq» жүйесі қосылғалы барлығы 370 әкімшілік хаттама толтырылды. Өткен аптада ғана «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысқан Павлодар облысында карантин талаптарын сақтамайтын азаматтар азаймай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент мәліметінше, өткен аптада коронавирустық инфекцияға шалдығып, амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жүрген 34 тұрғын «қызыл» мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға кірмек болған. Оларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 1-бабы бойынша айыппұл салынды. «Тамыз-қараша айлары аралығында барлығы 370 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 339 тұрғынның әрқайсысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төленді», – делінген департаменттің хабарламасында. Сонымен қатар қалада құрылған мониторингтік топ сенбі-жексенбі күндері 62 нысанда тексеру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде 26 нысанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмайтыны анықталды. Әсіресе, қызмет көрсету орындарының уақыт режимін бұзуы, қызметкерлер мен қоғамдық орындарға келушілердің медициналық бетперде кимеюі жиі кездеседі. Оларға қатысты материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Кейін тиісті шаралар қолданылады. Ажар Дәулетова
Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/karantin-rezhimin-buzgan-339-turgyn-ajyppul-toledi