Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды – Білім және ғылым министрлігі

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізу мәселесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ертеңгілік және өзге де жаппай ісшараларға келетін болсақ, мектептерде мұндай жиындар өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де шаралар ұйымдастырылмайды», – деді Асхат Аймағамбетов. 

«Сынып ішінде мерекелік отырыс жасау шешімін мектеп әкімшілігі қабылдайды», – деп қосты министр.

Журналистер Асхат Аймағамбетовке омикрон штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқуға жіберу мүмкіндігі жайлы сауал қойған. 

«Қазір бұл туралы айту ерте. Ведомствоаралық комиссия шешімі аясында жұмыс істейміз. Әзірге қорытынды жасау үшін деректер аз», – деп жауап берді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...