Маман кейбір адамдар телефонды дұрыс зарядтамай жүргенін айтты

Танымал

Ел аузында

Ол телефондардың заманауи аккумуляторы да тозады, бірақ мұның зарядтауға еш қатысы жоқ деген пікірде

 Көптеген адам телефон қуаты толықтай таусылғанда ғана зарядтау дұрыс деп санайды. Алайда бұл бұрыннан қалған әдет, деп түсіндірді Sputnik радиосына Content-review.com агенттігінің жетекшісі Сергей Половников.

Оның айтуынша, мұндай ескі ереженің заманауи құрылғыларға қатысы жоқ.

«Бұрын аккумуляторлар мен энергияны қажет ететін технологиялар өзгеше жасалған. Ол кезде телефон қуатын толықтай бітіріп, қайта қуаттаған дұрыс болған шығар. Қазір мұндай кеңес мүлдем қисынсыз көрінеді», – деді Сергей Половников.

Ол телефондардың заманауи аккумуляторлары да тозады, бірақ мұның зарядтауға еш қатысы жоқ деген пікірде.

«Қуат деңгейін тексерудің орнына смартфон батареясын дер кезінде ауыстыруға мән беру керек. Уаұыт өте келе барлық гаджет батареясының жұмысы нашарлайтынын түсіну қажет», – деді Половников.

Маман стандартты заманауи аккумулятор екі жылға шыдайтынын атап өтті. Кейін сыйымдылығын жоғалта бастайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....