Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Түркістан: мемлекеттік кірістер департаменті жемқорлықтың алдын алуға кірісті (фото)

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдинның төрағалығымен «семинар-кездесу» өтті деп хабарлайды МКД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталы. 

Семинар-кездесудің тақырыбы өзекті де өткір мәселелердің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды дамыту, алдын алу мақсатында психологиялық тренинг форматында өткізілді.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Абдрахманов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Жиын басында Дулат Нұрахметұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұрақты түрде күшейту қажеттігін және аталған күрес басты назарда  болуы керектігін баса айтты.

Кездесу барысында Нұрдәулет Ілиясұлы, Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер туралы және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негізінде профилактикалық жұмысты міндетті түрде жиі жүргізу керектігін айтып өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары Мұрат Қайыргелдіұлы және Адам ресурстары басқармасының басшысы Айжан Габдуллина қызметтік әдеп нормаларын сақтау туралы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайында баяндамалар жасады.

Жиын соңында Тәуелсіз психолог Айдана  Садықбекова психологиялық тренинг ретінде сабақ өткізіп, қатысушылар белсенді қатысты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...