Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.2 C
Nur-Sultan
16.7 C
Almaty
16.2 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Тұман және көктайғақ: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

Синоптиктердің болжамына сәйкес, кейбір облыстарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік пен солтүстікте жел күшейеді

Қазгидромет синоптиктері 6 желтоқсан күні солтүстік өңірлерде жаңбыр, қар жауып, бұрқасын жүретінін хабарлады.

Кейбір облыстарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік пен солтүстікте жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз және таңертең бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде Алматы облысының Алакөл жағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын жүреді, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында – тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында – желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын болады, облыстың солтүстігі мен шығысында – тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, солтүстік-батысы, Атырау облысының солтүстігі, батысы мен орталығында, Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында және Қарағанды облысының солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облысының оңтүстігі, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде – көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар жауады, желдің жылдамдығы секундына 3-5 метр болады. Ауа температурасы күндіз плюс 1, түнде 9 градус нөлден төмен.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын жауады. Сынап бағанасы күндіз 6 градустан жоғары, түнде минус 1 көрсетеді.

Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы плюс 10 градус, түнде плюс 2 градус болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...