Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
26 C
Almaty
35.3 C
Shymkent

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында дрон ұшыруға тыйым салынды

Танымал

Ел аузында

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон арқылы фото, видео түсірілім жасауға тыйым салынды. Енді тарихи орын аумағында түсірілім жасау үшін құзырлы органдардың арнайы рұқсатын алу қажет, деп хабарлайды Экспресс К.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегілердің айтуынша, мұндай шешім тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында қолға алынып отыр.

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның айналасында дрон аппараты арқылы фото, видеоны рұқсатсыз түсіруге тыйым салынды. Бұл шешім халық көп шоғырланатын аймақтың қауіпсіздігі және тарихи ескерткіштерді қорғау мақсатында маңызы зор», — деп атап өтті тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр.

Пилотсыз ұшу аппаратын күзетілетін объектілердің үстінен ұшыру Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметімен кемінде 5 жұмыс күні бұрын мақұлдануы тиіс.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорғау аймағы 88,7 гектар жерді құрайды. Аталған аумаққа Қожа Ахмет Ясауи, Рәбия Сұлтан Бегім кесенелері мен сегіз қырлы сағана, жерасты қылуеті, жұма мешіті, Күлтөбе қалашығы, хан ордасы мен хан мешіті сынды тарихи объектілер кіреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды. Емхана қабырғасына шақалақ ауыр...