Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Халық санағының алдын ала қорытындысы желтоқсан айының соңында жарияланады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның барлық азаматтарының 42% онлайн форматта санақтан өткен.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов ел бойынша халық санағы қалай өткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кез келген мемлекетке ұлттық статистика жүйесі қажет, біз қанша азаматымыз бар екенін, қызметіміздің белгілі бір бір аспектілеріне қатысты жағдай қандай екенін білуіміз керек. Санақ он жылда бір рет жүргізіледі. Бұл – БҰҰ жүйесі ұстанатын ережелер. Атап айтқанда, біз еуропалық статистика бюросымен тығыз жұмыс істейміз. 10 жылда бір мәрте қолда бар деректерді түзету және растау жүргізіледі», – деді Қайрат Келімбетов «Хабар» телеарнасындағы «Ұлттық мүдде» бағдарламасында. Агенттік басшысы халық санағы күрделі уақытта жүргізілгенін атап өтті.

«Санақты қазір өткізу қажет пе өзі?» деген мәселе көтерілді. Бір жағынан, оны кейінге қалдыру мүмкін болмады, екінші жағынан, сұрақтар неге көп дегендер де болды. Орта есеппен 50 сұрақ болды, бірақ кейбір бағыттар бойынша жүзге жетті. Әрине, сын болды, біздің кез келген мемлекеттік науқанымыз халықтың екіұдай сезімін тудырады», – деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, Қазақстанның барлық азаматтарының 42% онлайн форматта санақтан өткен. Ол санақтың цифрлық форматына ел халқы оң қабақ танытты деп санайды.

«Онлайн режимде отбасынан бір адам барлық сұрақтарды толтырды. Мен де өзім толтырдым. Бар мәлімет дайын болса, санаққа 15-20 минут уақыт кетті. Қазақстан азаматтарының 42% санақтан онлайн режимде өткені бізді қуантты, қалған азаматтармен интервьюерлер сөйлесті. Осындай үлкен жұмыстың атқарылғанына қуаныштымыз. Барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтау және вакциналау бойынша талаптар жоғары болды. Әрине, қандай да бір мәселелер туындағанын түсінеміз, ал жалпы халық санағы сәтті өтті деп айтуға болады. Соңғы нәтижелер 2022 жылдың шілдесінде шығарылады. Алдын ала қорытындыны желтоқсан айының соңына дейін жария ететін шығармыз», – деп түсіндірді агенттік төрағасы.#демография#халық санағы#Қазақстан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...