Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың 2%-ы ақшаны мүлдем жинамайды немесе оларды карточкаларда сақтайды, тағы 6%-ы артық қаражатты валютада сақтайды, ал сұралғандардың қалған 92%-ы банктік депозиттерді пайдаланады.

Танымал

Ел аузында

Сауалнама қазақстандық 14 банктің сайттарында өтті, оған елдің 128 елді мекенінен 3000-ға жуық қазақстандық қатысты. ҚДКБҚ зерттеуі сұралғандардың ең көп саны – 36% сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері бойынша депозитті таңдайтынын көрсетті. Сондай-ақ, салымды таңдаудағы танымал факторлар: «ыңғайлы мобильді банкинг», «банктің беделі» және «рейтингтік агенттіктердің бағалары».Купить

«Қазақстандықтардың бос қаражатты орналастыруды жоспарлап отырған Банктің сенімділігіне көбірек көңіл бөле бастағаны қуантады. Бұл халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді. Депозитте ірі сома – ҚДКБҚ кепілдік берген көлемнен асатын соманы жинамақ және көбейткісі келетіндер үшін: бұл ұлттық валютадағы депозиттер үшін 15 млн теңгеден астам және шетел валютасындағы депозиттер үшін 5 млн теңгеден астам. Банктің кредиттік рейтингі депозитті таңдаудың бірінші критерийі болуы тиіс. Өйткені бұл жағдайда қаржы ұйымының сенімділігі ғана өз қаражатын сақтауға сенімділік бере алады», – деді Банк ВТБ (Қазақстан) пассивті және комиссиялық өнімдер бөлімінің бастығы Елена Круглова.

Кредиттік рейтингті Moody’s, Standard and Poor’s және Fitch Ratings сияқты әлемдік тәуелсіз агенттіктер береді және Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелері бойынша қаншалықты жауап беруге қабілетті екендігін көрсетеді. Ең сенімді банктердің «С» санатынан жоғары кредиттік рейтингтері бар. Егер рейтинг төмен болса, мысалы, «D» – бұл банктің күрделі проблемалары бар екенін білдіреді. Мысалы, Standard and Poor’s агенттігінің деректеріне сәйкес ол рейтинг жасайтын отандық банктер арасында, ең жоғары рейтингтердің бірі – «BB+/B», болжам «Тұрақты» Банк ВТБ (Қазақстан)-да бар.

Спикердің айтуынша, банктің жоғары мөлшерлемесі мен сенімділігінен басқа, бүгінде салым иелері өз депозитін қашықтықтан басқару мүмкіндіктеріне ерекше назар аудара бастады. Бұл жерде пандемия және одан кейінгі шектеулер маңызды рөл атқарды.

«Соңғы уақытта біздің банктің клиенттері банктің мобильді қосымшасын пайдалана отырып, онлайн депозиттер аша бастады. Бұл өте ыңғайлы. Біріншіден, қашықтықтан депозитті 1000 теңгеден бастап ашуға болады, екіншіден, кез-келген уақытта және кез- келген жерде клиент өз қаражатын басқара алады: егер оның шарттары мүмкіндік берсе, салымды шешіп ала алады немесе толықтыра алады», – деп атап өтті Елена Круглова.

Егер сіз әлі банктің клиенті болмасаңыз және сізде әзір ВТБ мобильді қосымшасы болмаса, депозитті ашуға өтінімді банктің сайтында қашықтықтан беруге болады, сол жерде депозиттердің кең желісінен жеке қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін салым түрін таңдауыңызға болады.

Айтпақшы, ҚДКБҚ сауалнамасы тағы бір қызықты үрдісті анықтады: депозиттерде ақшаны сақтайтынын хабарлаған адамдардың 19%-ы жоғары мөлшерлемемен, бірақ мерзімінен бұрын алу бойынша шектеумен жинақ салымдарын ашуды; ал 73%-ы толықтыру және шешіп алу бойынша шектеулерсіз неғұрлым төмен мөлшерлемелі депозиттер ашуды қалайды. Бұл ретте, салымды таңдау кезінде негізгі өлшемшартпен сұралғандардың барлығында сыйақының жоғары мөлшерлемесі қалуда. Бұл қазақстандықтардың көпшілігі ашатын жоғары табыс пен салым түрі арасындағы қарама-қайшылықты білдіреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...