Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11.2 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
15.4 C
Shymkent

Қатты аяз келе жатыр: Кей өңірлерде ауа-райы 35 градусқа дейін төмендейді

Танымал

Ел аузында

Ал, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазгидрометтің синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.

«10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градусқа дейін аяз болады. Қара теңіз облыстарынан келетін циклон еліміздің батыс облыстарына әсер етіп, алдағы екі күнде ол шығысқа қарай жылжиды. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, секундына 15-25 метр жел күшейді», — делінген хабарламада.

11 желтоқсанда солтүстік облыстарда бұрқасын, сондай-ақ 5-10 градусқа дейін аяз болады, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болады деген болжам бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Воспитанник досугового центра «Қазақ күресі» стал призёром республиканского турнира и получил спортивное звание

В Талгарском районе Алматинской области состоялся Республиканский турнир по казахской борьбе среди юношей 2010–2011 годов рождения. Соревнование было посвящено...