Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

2022 жылы декретке байланысты бір реттік төлемнің шекті мөлшері өседі

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік аударым жүргізілетін табыс мөлшері кемінде ең төменгі жалақының бір айлық көлемінен аз болмауы керек.

2022 жылдан бастап жүктілік пен бала босану бойынша берілетін бірреттік әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы шекті мөлшері өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының талаптарына сүйене отырып, аталмыш төлемнің ең жоғарғы шегін есептеп шығарды.   

ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа тікелей байланысты болады.

Мұны қарапайым тілмен түсіндірсек, былай болады. Әлеуметтік аударым жүргізілетін табыс мөлшері кемінде ең төменгі жалақының бір айлық көлемінен аз болмауы керек. Ал жоғарғы шегі ең төменгі жалақының 7 еселік мөлшерінен артпауға тиіс. Ең төменгі жалақының мөлшері 2021 жылы 42 500 теңге болған кезде әлеуметтік аударымдар жасалатын табыс мөлшері 42 500 – 297 500 теңге аралығында болды. Ал 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 теңгеге көтеріледі. Демек әлеуметтік аударымдар жүргізілетін табыстың мөлшері сәйкесінше 60 000 – 420 000 теңге аралығында болады.

 Декреттік демалысқа байланысты төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамның табысына қарай, осы аталған шектерден шығарылмай есептеледі. 

Оның формуласы мынадай:

Төлемнің мөлшерін білу үшін соңғы 12 айдағы орташа айлық табыс мөлшерін жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, одан 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек (бұл 10 пайыз зейнетақы шотыңызға түседі). Ал жұмысқа қабілетсіздік күндер санының коэффициенті парақ берілген күндер санын отызға бөлу арқылы айқындалады. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнтізбелік күнге берілсе, онда коэффициент 126/30=4,2 тең болады. 

Сонда декретке байланысты бірреттік төлемін есептеу формуласы – айлық табыс×4,2–10%. 

Мысалы, декреттік демалыс алатын азаматтың айлық табысы соңғы 12 айда 450 000 теңге болды дейік.

450 000 теңге ×4,2–10% = 1 701 000 теңге. Алайда бұл шекті мөлшерден асып кетеді. Өйткені әлеуметтік аударым жасалатын айлық табыстың ең жоғары мөлшері 2022 жылдан бастап 420 000 теңге болатынын айттық. Мұны формулаға салсақ, 420 000 теңге ×4,2–10% =1 587 600 теңге. 

1 701 000 теңге – 1 587 600 теңге = 113 400 теңге. Бұл артылған соманы мемлекет төлемегенімен, жұмыс берушіңіз төлеуі мүмкін. Тек ол үшін жұмысқа тұрған кезде қол қойған еңбек шартыңызда осы мәселе айқын көрсетілуі керек.

«Аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері әрбір адамға жеке есептеледі. Оны айқындау үшін орташа айлық табысты және соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтіп, шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы аударымын шегеру қажет», – деп түсіндірді министрліктің мамандары. Яғни, біз көрсеткен формуладағы уақытша еңбекке жарамсыздық коэффиценті міндетті түрде «4,2» мәнінде болмауы мүмкін. Ол шама әркімде әрқалай болуы ықтимал деген сөз. 

Қорытып айтсақ, 2022 жылдан бастап декреттік демалысқа шыққан адамға төленетін бір реттік әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері 1 587 600 теңге болмақ. Ал 2021 жылдың аяғына дейін оның мөлшері 1 124 550 теңге күйінде қалады.
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...