Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

30 жыл бұрын Қазақ КСР атауы Қазақстан болып өзгерді

Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мындай қаулы шығарды:

«Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі анықтау, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы қағидаттарына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық әралуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау».

Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Сол күні халық сайлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.

Сонымен қатар, 1997 жылы 10 желтоқсанда астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі ресми түрде жарияланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің жаңа кезеңін ұсынып, ALPHA PLAN стратегиясын жүзеге асыруды жеделдеткенін мәлімдеді. Бренд экожүйесі...