Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Әбілмансұр Серіков: Балаға әрдайым тәрбие керек, әсіресе әкенің тәрбиесі…

Актер Әбілмансұр Серіков 20 жасында отасқан жарымен 6 жыл некеде болған.

Танымал

Ел аузында

Алғашқы отбасынан Серіковтің екі баласы өсіп келеді. Ал бүгінде сахналық әріптесі Ақмарал Танабаевамен отау құрып, бақытты ғұмыр кешуде. Бірінші әйелімен ажырасуы, балаларына беретін тәрбиесі мен екінші жұбайы жайлы Серіков журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді. 

Айтуынша, алғашқы әйелі Фаризамен арадағы кикілжің жарты жылдан кейін-ақ басталған. Тек болашақ баласының қамы үшін төзіп келген. Суып қалған сезімі қайта ояна ма деп күткен, тек мұнысынан еш нәтиже шықпаған. 

«Үйленгеннен кейін жарты жылдан кейін басталған үлкен конфликт болды. Қатты суыдым, сезімімді қайта оята алмадым. Бала-шаға үшін де жүрдім», –  деген актер ажырасу туралы шешімді бір өзі қабылдағанын жеткізді. Тіпті райынан қайтара ма деп ата-анасына да айтпаған.

«Үйдегілер жаман қабылдады, себебі ешкіммен ақылдасқан жоқпын. Ол кісілер ескі жүйенің адамдары ғой. «Ұят болады, көр» деп айтар еді. Мен олай өмір сүргім келген жоқ. Бала-шағаны қимайсың ғой, әрине», – дейді Әбілмансұр. 

Серіков өзін балаларының алдында кінәлі сезінеді. Алайда осы күнге дейін олармен байланысты үзбегенін, болашақта да барынша тәрбиесіне араласып тұратынын жеткізді. Сөзіне қарағанда, 8 жасар тұңғышы отбасында не болып жатқанын түсінеді. 

«Ол – ақылды, маған басқа, анасына басқа «подходпен» келеді. Әкесін де, шешесін де кінәламайды. Екеумізге қарай ыңғайланады. Баланың психологиялық тұрғыдан қиналып тұрғанын көргенде жылап жіберемін», – дейді актер. 

Әбілмансұрдың өзі 3 жасына дейін ауылдағы әжесінің қолында тәрбиеленген. Кейін оқу бітірген ата-анасы қайта қалаға алып келген.  “Әкем үнемі жанымда болмаса да, тиісті тәрбиесін берді,” – деген актер өз балаларына жеткілікті дәрежеде көңіл бөле алмайтынына қынжылады. 

«Тәрбие дұрыс бере алмай жатырмын, арамызда қашықтық бар. Балаға әрдайым тәрбие керек, әсіресе әкенің тәрбиесі… Өзімнің де әкем үнемі қасымда болған жоқ. Бірақ тәрбиесін берді. Келеді, қатаң айтады, ұратын болса ұрады, ашуыңды қағып алады. Қашықтық болды, мұнда жағдай басқа… Балаға алыстан кеп, бірдеңені бүлдіріп қойса, ұрсып тәрбиелей алмайсың. Өйткені онсыз да алыстасың. Басқа «подход» керек. Сирек көрісеміз, сондықтан айтқан сөздерім баланың есінде қалады. Тек маңызды нәрсе айтамын», – деді Әбілмансұр. 

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актер араға уақыт салып, әріптесі Ақмарал Танабаеваға үйленген. Оған деген махаббаты мен құрметі ерекше. 

«Ол мені өте қатты сыйлайды, жақсы көреді. Мен де дәл солай. Алдын ала сөйлестік, өзімнің әріптесім. «Бәріне көнесің бе?» – дедім. «Әрине», – деді. Өзі балажанды, өте ақылды. Қандай жағдай болса да, қолдау береді. Мінезім нашарлау, көп нәрсеге көніп келе жатыр. Өте қызуқандымын, бәрінің өз орнында тұрғанын қалаймын. Шашылып тұрса, қысылып отыра алмаймын. Ол соны біледі. Бәрін көтереді, төзеді», – дейді актер.

Әбілмансұр алғашқы жұбайының екінші рет отау құруына қарсы емес. Тек балаларына қатысты қояр бір шарты бар. 

«Егер балама дауыс көтеріп, дұрыс қарамаса, әсіресе қол көтеретін болса, екеуіңді де таптаймын, дедім», – дейді Серіков. 

Актер балаларына заңды түрде алимент төлеп тұрады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...