Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Бізде беделі де, берері де жоқ орден, медалға есі шығып жүрген зиялылар

Танымал

Ел аузында

ҚҰЛДЫ. БӘРЕКЕЛДЕ ӨЛТІРЕДІӨзбекстаннан биыл шетел нарығына экспортқа шығарылған жүк машиналарының 70 пайызын Қазақстан сатып алыпты. Сингапур сияқты елдер де алған.Шығыс Қазақстанда арзан электр қуатын өндіретін екі ірі ГЭС жекеменшікке сатылуда. Бірі шетелдікке, екіншісі анық айтылмайды.

Осы екі жаңалық біраз жайдан хабар беріп тұр.Бастысы – ел экономикасында дамудың жоқтығы. Көршілес өзбектердің Орта Азияда жетекші елге айналғаны. Олар халық тұтынатын тауарларды өздерінде өндіруді мықтап қолға алды. Европа елдерінің қондырғыларымен жарақтанып, экспортқа шыға бастаған аяқ киім, трикотаж өнеркәсібі осыған дәлел. Билік қанша жерден құбылтып мақтағанмен сырт елдерге тек шикізат шығаруға (мұнай, газ, түсті метал) негізделген біздің экономика кері кеткен қалпында. Сыртқа қарызымыз өспесе азаятын емес. Дәл бүгін әрбірімізге есептегенде он мың доллардан келеді. Бұл өмірге келіп жатқан әрбір сәби қарыздың қамытымен туылуда деген сөз. Инфляция жыл басынан отыз пайызға өсті. Мұның себебі неде? Ең негізгісі билікте де, экономикада да қабілетсіз, дарынсыз адамдардың отыруы. Екінші барлық саланы жайлаған коррупция. Жоғары буындағы кландық топтардың өзара өштесуі кезінде уақытша қамалып, артынан құтылып жататындар болмаса ешкім ештеңеге жауап бермейді. Экономиканы реттеуге бола ма?Болады егер заң үстемдік құрса. Бірінші кезекте жемсауы толмайтын «Самұық Қазына» холдингін жойып, ол біріктіретін «Қазмұнайгаз», «Қазақмыс», «ҚТЖ», «Эир Астана» секілді көптеген ірі кәсіпорындарды мемлекетке қайта қайтару керек. Қазір олардың әрбірінде он, жиырмадан делдал (дочерный) фирмалар бар. Тендер арқылы бұкіл қаржы осыларға бөлінеді.

Бұлар адам ағзасына зиянды денедегі ісік сияқты. Әрине мұның бәрі Назарбаевтың құрылымы. Демек, ол кетпей алға жылжу болмайды. Формальді түрде билікті бергенмен, әлі де тізгінді ұстап отырған Назаобаев феномені жөнінде жазу бөлек әңгіме. Бұл жерде жеке басы үшін ел мүддесін сатып жүрген зиялылар жөнінде аз-кем тоқталғым келеді. Себебі қоғамның осылай сипат алуына зиялылар себепкер. Зиялы қауым – бұл интелегенция. Осы бізде бар ма? Оксфорд сөздігінде және Дальдің тұжырымында интелегенцияны өзінше ойлауға қабілетті немесе соған ұмтылатын яғни қоғамды өзгертуге ықпалды топ ретінде айтылады. Бүгінгі ақын, жазушы, әртіс немесе ғалымдар мұндай қасиеттен ада. Өз басым бұлардың зияны жеке мүддені алға қойған жемқорлар секілді зиянды топ. Атаққа ар сатып, марапат дәметкен желікпе, жігерсіз дүрмек. Кеше ресейлік Сокуров ел мүддесі үшін Путинмен тайталасқа түсті. Бізде беделі де, берері де жоқ орден, медалға есі шығып жүрген зиялылар. Елдің үштен бірін қайыршы еткен мына биліктен шен алу бұл сорлылық. Біреулері той жасап, екіншілері әлеуметтік желіге салып жетісіп жатыр. Елдігінен айырыларда «Ей түркінің бектері» деп сый – сияпат, әшекейден сақтандырған көне түркінің абызы Тлныкөктің тасқа жазған ескертпесі еске түседі. Арты түркі мемлекетінің тарихтан біржола өшуімен тынды. Мүмкін «Құлды бәрекелде өлтіредінің» кері осы болар.

Махмут Қосмамбетов

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...