Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

15 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с деп күтіледі. 15 желтоқсанда Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда 15 желтоқсанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с деп күтіледі.

15 желтоқсанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда 15 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. 15 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкентте кей жерлерде тұман күтіледі. Түркістанда 15 желтоқсанда түннің бірінші жартысында тұман күтіледі. 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман болады.

Батыста және облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыста және облыс орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Ақтауда шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. 15 желтоқсанда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...