Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Түркістан облысында жол бойына салынған жаңа әжетханалар тоналып жатыр

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жол бойындағы әжетханалар шетінен тоналып жатыр. Бюджеттің қыруар қаржысына салынған нысандар мүлдем жұмыс істемеген. Халық наразылық білдірді, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Халық дәретхана салу ақылға қонымсыз болғанын айтады.

“Дәретхана істегеніне істеген-ау, бірақ ішіне кіру мүмкін емес. Кіріп көрем, болмайды бұл. Былтыр есігі бар еді, қазір есігі де жоқ. Қарайтын адам жоқ. Қараусыз. Кім қарайды бұған? Үкімет қарамайды, басқа қарамайды. Бұл қарапайым халықтың есебінен салынған нәрсе. Дәретханаға кіру мүмкін емес. Өзіңіз кіріп көріңіз, қалай екен”, – дейді Келес ауданының тұрғыны Әлібек Құралов.

Былтыр ғана салынған дәретханалардың ішіне кіру мүмкін емес. Есіктері ұрланып, іші-сырты нәжіс пен қоқысқа толып қалған. Әу баста сапасыз салынған кей әжетхананың унитаздары қолды болса, кейбірі қирап жатыр. Ал тасжол бойына модульді әжетхана қою идеясы екі жыл бұрын Келес ауданының шенеуніктеріне келіпті.

Қаңылтырдан салынған қоғамдық нысанды ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы бөлімі қабылдап та алған. Сөйтіп әр әжетхананы ең жақын ауылдық әкімдіктер есебіне берген. Алайда қараусыз  қирап қалған дәретханаға шенеуніктер қанша қаржы жұмсағанын жасырып отыр.

“Қараусыз қалған әжетханалар бойынша тиісті ұсыныс хаттар жолданған. Ауыл округі әкімдері тарапынан, Келес ауданы әкімшілігі тарапынан және қазір «Қазавтожол» қоғамдастығының теңгеріміне өткізуде тиісті жұмыс жүргізілуде. Құжаттар рәсімделіп жатыр”, – дейді Келес ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Шырынбек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...