Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қайта пысықтау үшін: Сенат депутаттары жануарларды қорғау туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Танымал

Ел аузында

ҚР сенат депутаттары «жануарларды қорғау туралы» заң жобасын қайта қарау үшін Парламенттің төменгі палатасына қайтарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын сенаторлар Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында талқыға салғаны айтылған.

«Құжаттың мақсаты – жануарларды қатыгездіктен, азап пен өлімнен қорғауды күшейту, жануарларға қатыгездік көрсетуді барлық бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттауға тыйым салу, сондай-ақ үй жануарларын қорғау саласындағы басқа да бірқатар талаптар қарастырылған», – делінген сенаттың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Отырыс аясында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да талқылаған.

Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобаларын палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жануарларды қорғаушылар өздері бастамашылық еткен жануарларды қорғау туралы жаңа заңды қабылдау кезінде олардың пікірі ескерілмегенін айтқан болатын.

Олардың айтуынша, аталған заң Қазақстандағы үйсіз жануарларға ең маңыздыны – өмір сүру құқығын бермейді.

Сондай-ақ заңнамалық түзетулер баспанасыз жануарлардың талаптарын да көздейді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...