Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Азаматтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады – Цой

Танымал

Ел аузында

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасы келгенде, азаматтар ревакцинация үшін бір дозаны, вакцинация үшін екі дозаны сатып ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз», – деді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

«Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды – ескерт.) өз қалауы бойынша», – деді Алексей Цой.

Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...