Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасарын қызметінен босатты

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Оспановты қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының үкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Оспанов Ермек Әмірханұлы 1982 жылы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын Алматы қаласының «Қазақстанның Халық Банкі»-інде бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласының әкімі аппаратында, Алматы қаласының Қаржы департаментінде, жеке кәсіпорындарда қызмет еткен. 

2019 жылғы 20 қарашадан 2020 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрі кеңесшісінің м.а. және кеңесшісі, ал 2020 жылғы 4 ақпаннан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...