Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстанда әуежайларда жеке куәлікті енді смартфон арқылы көрсетуге болады

Танымал

Ел аузында

Енді Қазақстанның барлық әуежайында eGov Mobile цифрлық құжаттар сервисі енгізілді. Ішкі әуе рейстерді пайдаланатын жолаушылар жеке деректерді растау үшін мобильді қосымша арқылы цифрлық жеке куәлікті көрсете алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда цифрлық жеке куәлікті көрсету үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушыға «цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет.

Әуежайдағы тіркеу аймағында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-кодты смартфон экраны арқылы көрсету қажет.

Ішкі рейстерде сандық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі министрліктердің, авиациялық әкімшіліктің, әуе компаниялар мен әуежайлардың жүйелерін біріктіру арқылы пайда болды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...