Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
34.3 C
Shymkent

Депутаттар мектептерге қазақтың салт-дәстүрлері туралы дәріс енгізуді ұсынды

Танымал

Ел аузында

ҚР Мәжіліс депутаттары бастауыш сыныптарда қазақтың салт-дәстүрі туралы қосымша сабақтар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл туралы Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғани Ташқараев ұстаздар және жастармен кездесуінде айтқан.

«Парламент Мәжілісінің депутаттары арасында бастауыш сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрі» атты қосымша сабақ енгізу мәселесі талқыланды. Өйткені, қазақ елінде дүниеге келген әр бала өз салт-дәстүрі мен тарихын ерте жастан білуі тиіс», – деді Ғани Ташқараев.

Кездесуде этносаралық қарым-қатынас, педагогтардың жалақысын көтеру секілді мәселелер де қозғалған.

«Әр қазақстандық жастың салт-дәстүрді берік ұстанып, қазақ тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасалуы керек. Сол себептен, бұл мақсатта нақты жұмыстар атқарылатын болады», – деп сендірді мәжіліс депутаты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...