Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Ұшақ билеті 9 000 теңгеден: Енді еліміздің алты қаласына ұшу құнының жартысын мемлекет төлейді

Танымал

Ел аузында

Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды.

2022 жылы Қазақстанның алты елді мекеніне, соның ішінде курорттық бағыттар бойынша субсидияланған рейстерді орындайтын әуе компаниялары анықталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тасымалдаушылар болып SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» авиакомпаниялары тағайындалды.

«2022 жылы Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өткізілді, оның ішінде Түркістан қаласына 10 әуе бағыты, Көкшетау және Петропавл қалаларына 3 әуе бағыты, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына екі әуе бағыты кіреді», – делінген мәлімдемеде.

Субсидияланатын авиамаршруттар коммерциялық пайдалану үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейді, оның орнына өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар әуе бағыттарына тұрақты ұшуларды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

SCAT, Qazaq Air және «Оңтүстік аспаны» әуе компаниялары 2022 жылы осы әуе бағыттарында рейстерді орындайтын тасымалдаушылар болып белгіленді. Әуе билеттерінің құны 9 бен 25 мың теңге аралығында болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Детектив жанрының басты қолдаушысы – сот ұжымы

«Заң» Медиа-корпорациясының» тікелей ұйымдастыруымен қолға алынған Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы сегізінші белесін бағындырды. Биылғы байқау жүлдегерлері қасиетті Тараз...