Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

2022 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

Электрондық үкімет порталында 2022 жылға арналған күнтізбе жарияланды.

Танымал

Ел аузында

Күнтізбеде келер жылы ел тұрғындары түрлі мерекеге байланысты қалай демалатыны көрсетілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі жексенбіге түседі, сәйкесінше дүйсенбі мен сейсенбі күндері демалыс болады. Ал 5 қаңтар алғашқы жұмыс күні. Сонымен бірге, 7 қаңтар демалыс күні, өйткені қазақстандықтар Рождество мерекесін атап өтеді. Ақпан айында мейрам жоқ, дегенмен наурыз айында тұрғындар екі мемлекеттік мерекені – Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтеді. 2022 жылы 8 наурыз сейсенбіге түседі. Сол себепті азаматтар 2 күн қатарынан демалуы үшін 5 наурыз, сенбіні жұмыс күні ету туралы шешім қабылданған. Яғни, елімізде 7-8 наурыз күндері демалыс болады. Ал Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 3 күн қатарынан – 21 мен 23 наурыз аралығында демалады. 24 наурыз жұмыс күні. Сәуір айында да мерекелік демалыс күндері жоқ, бірақ мамыр айының алғашқы күні мерекеден басталып, елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. 1 мамыр жексенбіге түсетіндіктен, мерекелік демалыс дүйсенбі, 2 мамырға ауыстырылады.

Одан бөлек, ел тұрғындары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күнінің құрметіне 7-10 мамыр аралығында демалады. 11 мамыр жұмыс күні. 6 шілде, сәрсенбіде ел тұрғындары Астана күнін тойлайды, сәйкесінше бұл күні де қазақстандықтар демалады. 2022 жылы Құрбан айт сенбі, 9 шілдеге түседі, дегенмен мерекелік демалыс басқа күнге ауыстырылмайды. 30 тамыз, сейсенбі күні еліміз Конституция күнін атап өтеді.

Осыған байланысты сенбі 27 тамыз жұмыс күні, ал дүйсенбі 29 тамыз демалыс күні болады. Желтоқсан айының бірінші күнінде тұрғындар Тұңғыш президент күнін атап өтеді. Ал Тәуелсіздік күнінің құрметіне орай қазақстандықтар 16-19 желтоқсан аралығында қатарынан төрт күн демалады. 20 желтоқсан алғашқы жұмыс күні болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...