Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.9 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
28.9 C
Shymkent

Ерғанат Көпжасар: Екі қазақтың басы қосылса, орысша сөйлейтіні өтірік емес

Ерғанат Көпжасар Қазақстандағы орыс тілінің жағдайын айтқан Ресей президенті Владимир Путиннің пікіріне ой қосты.

Танымал

Ел аузында

Тележүргізуші қанша адам қарсылық танытса да, президенттің сөзін қостады. 

“Путин Қазақстанды орысша сөйлейтін ел деп атады. Оған “патриоттар” оталып жатыр. Билігің түгел былайғы өмірде екі қазақтың басы қосылса, орысша сөйлеп кететіні өтірік емес. Әсіресе, ірі мегаполистерде жұрттар “Элита” көріну үшін ана тілінде сөйлемейді. Сөйлегендерді менсінбейді. Біз рухани мүгедекпіз. Сатқынбыз. Ана тілімізді сатқанбыз. Бір рет сатқындыққа жол бергендер отанын да оп-оңай сата алады”, – деп жазды журналист парақшасында.

Айта кетейік, Владимир Путин орыс тілінің Орталық Азия республикасындағы рөлін жоғары бағалап, ТАСС агенттігінің YouTube арнасындағы жыл сайынғы үлкен баспасөз мәслихатында тіл мәселесіне ілтипатпен қарағаны үшін Нұр-Сұлтанға алғысын білдірді.

«Қазақстан сөздің толық мағынасында орыс тілді ел», – деді Путин.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...