N, Orf6 Orf9b ақуыздары ағзаның вирус енгенде интерферон ақуызын бөлу қабілетін төмендетеді. Эволюция нәтижесінде Альфа штамы туа біте қалыптасатын иммунитетті әлсірететін қабілетке ие болған. Мұндай мутациялану дельта мен омикроннан да анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Nature журналында жазылғандай, N, Orf6 Orf9b ақуыздары вирус енгенде жауап ретінде интерферон бөліну қабілетін шектейді.
«Зерттеу кезінде команда альфа штамынан табылған мутациялардың дельта мен омикронда да бар екенін анықтады», – деп жазады ғалымдар.
Айта кетейік, британдық ғалымдар омикрон штамының алғашқы белгілерін айтқан болатын. Олардың сөзінше, аурудың ерте белгілері қарапайым суық тиюге ұқсайды.