Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Алматы облысында жерлестерімен қалжыңдаспақ болған адам көз жұмды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысының екі тұрғыны ер адамды өлімші етіп соққыға жықты деген күдікке ілінді, жәбірленуші кейінірек ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Алматы облысының полицейлеріне Қарасай ауруханасының қызметкерлері хабарласқан. Олар 36 жастағы ер адамның жансақтау бөлімінде көз жұмғанын жеткізген.

Полицейлер оны соққыға жыққан екі күдіктіні тәулік ішінде ұстады. Қарағанды ​​облысының тумалары өңірде көлік жуу орнында жұмыс істеген. Олардың бірі бұрын тонау, екіншісі есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталған.

Ұсталғандардың айтуынша, олар ішімдік ішіп отырғанда мас жерлесі телефон соғып, қонаққа шақырған, такси ақысын өзім төлеймін деп уәде берген. Ал келген кезде қалжыңдағанын айтып, такси ақысын төлемеген.  

«Осыған байланысты жанжал туындап, келген екеу жерлесін ұрып-соғып, бой тасалаған», – деді полицейлер.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктілерге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...