«Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Карталары бар адамдар картамен төлейді. Халық кейбір жерлерде интернетке байланысты онлайн төлем жасай алмайды, бірақ бұл үшін ешкімді түсіріп кетпейді», – деді CTS баспасөз қызметі өкілі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге төмендету туралы пікір білдіріп, халықты деструктив топтарға ермеуге шақырғаны хабарланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.