Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

5 қаңтар. Қазақстанда не болды?

Азаттық сайты 5 қаңтарда болған елдегі оқиғаларға шолу жасап шықты.

Танымал

Ел аузында

Алматыда наразылар қала әкімдігінің ғимаратына, қаладағы әуежайға басып кірді. Әкімдіктің бір қанаты, қаладағы прокуратура ғимаратының бір бөлігі өртенді. Әуежайдан жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланған. Алматыға келуі тиіс әуе рейстерінің біраз бөлігі ұшпай қалды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы наразылық кезінде күштік құрылым өкілдері қаза болғанын мәлімдеп, олардың жақындарына көңіл айтты. Билік қанша адамның көз жұмғанын ашып айтпай отыр. ІІМ елде жүзден аса полицей зардап шегіп, ондаған полиция көлігі бүлінгенін хабарлады.

Тоқаев астанадан кетпейтінін, Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз қолына алатынын да мәлімдеді. Бұл кеңесті бұған дейін елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарып келген.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретінде «қатаң шаралар қолданатынын» айтып, ескерту жасады. Ол «жақын уақытта Қазақстанның саяси трансформациясы бойынша ұсыныстарымды жариялаймын» деді.

Елде бірнеше сағат интернет толығымен өшіріліп, түн ауа қосыла бастады. КТК, НТК, «Еуразия бірінші арнасы» эфирге шықпай қалды.

Талдықорғанда наразы жұрт Назарбаевтың ескерткішін құлатты.

Еуропа одағы Қазақстанды елдегі мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады. Премьер-министр міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарады. Үкімет мүшелері жаңа кабинет құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқара береді.

Тоқаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатып, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы қызметінен босатылып, оның орнына Ерлан Қарин тағайындалды. Бұған дейін Қарин президент көмекшісі болған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 қаңтар түнде қалада болған «тұрақсыздандыру талпынысы мен экстремистік әрекеттердің артында ішкі және сыртқы арандатушылар тұр» деп мәлімдеді. «Қазір қаладағы жағдай бақылауға алынды. Арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатыр. Бүлікшілер анықталып жатыр» деді ол. Бірақ «экстремист, арандатушы» деп кімді меңзегенін нақты айтпады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...