Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабының мәліметінше, Алматыдағы барлық білім беру ұйымдары қатаң бақылауда. ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептердегі қысқы демалыстарды 17 қаңтарға дейін ұзартты. Ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері 24 қаңтарға дейін демалады.
«Алматыда лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы тоқтап тұр. Олардың ашылатын уақытын алдағы күндері хабарлайтын боламыз», – деп атап өтті штаб өкілдері.
Сондай-ақ қалалық Білім беру басқармасында жедел желі іске қосылды. Тұрғындар білім мәселесіне қатысты сұрақтар туындаса мына телефон номерлері арқылы хабарласа алады: 376- 54-61, 8702 439 95 38. Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қаланы тазарту жұмысына кірісті.