Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

28.4 C
Nur-Sultan
25.8 C
Almaty
34 C
Shymkent

Алматыда балабақшалар жұмыс істей ма?

Алматыда мектепке дейінгі мекемелер уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал

Ел аузында

Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабының мәліметінше, Алматыдағы барлық білім беру ұйымдары қатаң бақылауда. ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептердегі қысқы демалыстарды 17 қаңтарға дейін ұзартты. Ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері 24 қаңтарға дейін демалады.

«Алматыда лаңкестікке қарсы операция жүріп жатыр. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы тоқтап тұр. Олардың ашылатын уақытын алдағы күндері хабарлайтын боламыз», – деп атап өтті штаб өкілдері.

Сондай-ақ қалалық Білім беру басқармасында жедел желі іске қосылды. Тұрғындар білім мәселесіне қатысты сұрақтар туындаса мына телефон номерлері арқылы хабарласа алады: 376- 54-61, 8702 439 95 38. Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қаланы тазарту жұмысына кірісті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Діни киімдерді реттеу мәселесі көтерілді: Мамандар пікірі

ҚР Мәжілісінде тағы да діни киімдерді реттеу мәселесі көтерілді. «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға «бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін...