Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Лаңкестер елордаға шабуыл жасағысы келген – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында лаңкестер тәртіп күштерін өзіне тартып, Қазақстан астанасына шабуыл жасағысы келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Бір уақытта 11 өңірде көтеріліс болды. Бірақ негізгі соққы Алматыға бағытталды. Бұл біздің ірі қалаларымыздың бірі, қаржы орталығы екенін білесіздер. Маңызды көлік және коммуникация желілері осында. Бұл қаланың құлауы бүкіл оңтүстікті, кейін елді басып алуға жол ашар еді.

Лаңкестер құқық күштерін өзіне тартуға үміттеніп, кейін елордаға соққы жасағысы келген. Біз президент резиденциясына содырлар жиналғанын көрдік. Бұл – шын мәнінде, әртүрлі жолмен ұйымдастырылған мемлекетке қарсы террористік соғыс», – деді Тоқаев сессияда. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...