Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.4 C
Nur-Sultan
18.8 C
Almaty
19.6 C
Shymkent

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы тәртіпсіздіктер кезінде қаза болды

Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласы жаппай тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Бұл ақпаратты университет басшысының баспасөз хатшысы растады. 

«Қауесеттердің алдын алу мақсатында ҚазҰУ хабарлайды: 6 қаңтарда 18.35 шамасында коменданттық сағаттың басталуына бір сағат қалғанда Эльнар (Жансейіт Түймебаевтың ұлы) Назарбаев даңғылымен үйіне қайтып келе жатқан. Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыстағы бағдаршамда белгісіз біреулер оның көлігіне оқ атқан. Ол оқиға орнында қайтыс болды», – деді университет өкілдері.  

Университет мәліметінше, тергеу жүріп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановпен өткен тағылымды кездесу

2025 жылғы 2 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, кеңестік және қазақстандық...