«Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты хабарлады», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.