Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

«Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты хабарлады», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...