Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Азық-түлік бағасы қалай реттеледі?

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік инфляциясын ауыздықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын мемлекеттік реттеуді күшейту шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Ауыл шаруашылығы министрлігімен өндіріс, тұтыну және өнімді қайта бөлу теңгеріміне толық мониторинг қамтамасыз етіледі. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде азық-түлік өнімдері импортын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қажет болған жағдайда экспортты шектеу шаралары дер кезінде қабылданады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспорттауға тыйым салынды», – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп шекті бағаларға қатысты тәсілдер қайта қаралды.

«Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмайды. Жекелеген өнімдерге баға айтарлықтай өскен жағдайда монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен баға шегін әкімшілік бекіту құралы дер кезінде қолданылады», – деп қосты Бақыт Сұлтанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...