Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Митинг кезінде оқ тиген: Із-түссіз жоғалған Алматы қаласының тұрғынын отбасы таба алмай жатыр

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Алатау ауданының 34 жастағы тұрғыны Анатолий Галеевич Ахметов хабар-ошарсыз кетті.  Бес күннен бері оны іздеп жүрген отбасы қаладағы полиция бөлімшелерінен бастап мәйітханаларға дейін баруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анатолий балалар үйінің түлегі. Оны әйелі мен 5 жасар ұлы үйде күтіп отыр. 

Жұбайы Батыштың айтуынша, 6 қаңтарда митинг кезінде оған оқ тиген. Осылайша, ол ауруханаға жеткізілген.

“23.02.1987 жылы туған Анатолий Галеевич Ахметов арық денелі, бойы 175 см, көзі қою қара. Митинг кезінде оның №5 Қалалық клиникалық ауруханалардың біріне әкелді. Жұбайы ретінде оны үш рет көрдім, ал 8 ақпанда оны құқық қорғау органдары алып кетіпті. Осыдан бері ешқандай хабар жоқ. 

ІІМ,  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Уақытша ұстау изоляторына хабарластым, 114 пен 102 нөмірлеріне қоңырау шалып үлгердім. Бірақ бұл әрекеттерім нәтиже берген жоқ”, – дейді жұбайы.

Сөзінше, қаладағы мәйітханаларды да кезіп жүр.

“Қазіргі уақытта мәйітханаларға хабарласып, барып жатырмыз. Құдайға шүкір ол жақтарда жоқ болып шықты”, – дейді әйелі. 

Анатолий Галеевич Ахметовтың көргендер, қайда екенін білетіндер болса, мына нөмірге хабарласуына болады: 77081708954

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...