Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

«Омикрон» балаларда да ауыр өтеді – Қазақстандық дәрігер

Коронавирустың жаңа штамы – "омикронның" елде таралуы дәрігерлерді алаңдатып отыр.

Танымал

Ел аузында

Себебі аталмыш штамм тұрғындар арасында өте жылдам тарайды. Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, инфекционист дәрігер Динагүл Баешева қатерлі инфекция жайлы және оның таралу жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динагүл Баешеваның сөзінше, қазір тұмаумен қатар коронавирус инфекциясы да үлкен қауіп төндіріп отыр. 

«Бұл мәселе әлі де өзекті, себебі елімізде жұққыштық деңгейі жоғары «омикрон» штамы пайда болды. Оның таралу жылдамдығы дельта-штамынан әлдеқайда жоғары. Барлық жастағы адамдарға жұғуы мүмкін. Бүгінде шетелдік БАҚ беттерінен «омикронның» балаларда ауыр өтетіні жайлы оқып отырмыз. Коронавирустың қандай штамы болмасын, иммунитеті төмен, онкологиялық және өзге де дертке шалдыққан адамдарда ауыр өтетіні белгілі. Сондықтан бұл инфекция балалар жұқпалы ауруларының ішінде маңызды орынды иеленіп қала береді», – деді дәрігер. 

Дәрігер вирустың геометриялық прогрессияда өспеуі маңызды дейді. Сонымен қатар тәулігіне 1 000 адамнан артық ауырмағаны жөн.

Бұл үшін тұрғындар әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағуы керек. Қолды жуып, адам көп жиналатын орындарға бармағаны абзал. 

«Сауда орындарында ата-аналардың балалармен серуендеп жүргенін жиі байқаймыз. Қазір дәл осындай орындарда демалатын уақыт емес. Егер балаңыздың денсаулығына алаңдасаңыз, адам аз жерге барған жөн. Біз Қазақстандағы барлық стационарлар бойынша сараптама жұмысын жүргізіп, 2020 және 2021 жылдары вирус жұқтырғандар санын салыстырдық. Нәтижесінде 2021 жылы коронавирус жұқтырғандар 5 есеге, вирус ауыр өткендер 20 есеге көбейген», – деп қосты Данагүл Баешева. 

Инфекционист ата-аналарды балаларын ауру белгілері бар адаммен байланыстырмауға шақырды. 

«Барлық әлемдік ұйымдар вакцинаның тиімділігіне көзі жетті. Егер балаңызды қорғағыңыз келсе, екпе салдырыңыз. 2021 жылы біз уақытылы вакцина алған азаматтарды құтқара алдық. Ал екпе паспортын сатып алған азаматтардың көпшілігі өмірден озды. Балаларда ауру жеңіл өткенімен, оның салдары қандай болатынын әлі білмейміз. Вакциналау қазір ең тиімді шара болып отыр», – деп түйіндеді дәрігер.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...