Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Полицияның әрекетіне қатысты шағымдарға арналған телефон нөмірлер жарияланды

Танымал

Ел аузында

ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматтардың шағымдары үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды мұқият тексеруді тапсырды.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, азаматтар көп жиналатын орындарда және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзет жасақтары күшейтілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өткен оқиғалардың салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда. Бейнебақылау камераларын талдау, сондай-ақ айналасына бей-жай қарамайтын азаматтардан келіп түсетін материалдарды сараптай отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге байланысты бүліктерге, ұрлауға және тонауға қатысушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Азаматтардан хабарламалар қабылдау және оларға жедел ден қою үшін Полиция департаменттерінің Жедел басқару орталығы мен комендатуралардың call-орталықтары қызметкерлерінің саны артты. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, оның ішінде ұялы телефондарды тексеруге қатысты ақпараттар жариялануда.

ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді.

Біздің азаматтарымыздан полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық фактілері бойынша ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, “ашықтық алаңы” фронт-офистеріне хабарласуды сұраймыз. Сондай-ақ төмендегі өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелері хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан қалалық ПД ӨҚБ – 8-702-127-98-18

Алматы қалалық ПД ӨҚБ – 8-707-927-67-69

Шымкент қалалық ПД ӨҚБ – 8 (7252) 21-43-23

Ақмола облысы ПД ӨҚБ – 8 (7162) 25-03-60

Алматы облысы ПД ӨҚБ – 8 (7282) 60-81-58

Ақтөбе облысы ПД ӨҚБ – 8 (7132) 52-16-91

Атырау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7122) 25-10-38

Шығыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7232) 23-43-32

Жамбыл облысы ПД ӨҚБ – 8 (7262) 45-43-39 7-701-072-70-00

Батыс Қазақстан облысы  ПД ӨҚБ – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75,  98-40-44, 8-707-290-28-84

Қарағанды облысы ПД ӨҚБ – 8 (7212) 42-93-39

Қостанай облысы ПД ӨҚБ – 8-707-715-44-24

Қызылорда облысы ПД ӨҚБ – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43

Маңғыстау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7292) 47-52-69

Павлодар облысы ПД ӨҚБ – 8 (7182) 32-28-22

Солтүстік Қазақстан облысы ЖП ЕҚБ – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89

Түркістан облысы ПД ӨҚБ – 8-701-121-93-35

Көліктегі ПД ӨҚБ – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...