Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Өзбекстан Қазақстанмен шекарасын жапты

Өзбекстан 15 қаңтардан бастап екі ел азаматтарын Қазақстанмен мемлекеттік шекарадан өткізуді тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

Мұндай шаралар Өзбекстанда жаңа омикрон штамының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.

Бұл ретте әуеқатынасы сақталған.

15 қаңтардан бастап Өзбекстан аумағына кірушілер (көлік қатынасын қоспағанда) ПТР-сынамасының теріс нәтижесін шекарадан өткенге дейін 48 сағаттан асырмай ұсынуы, сондай-ақ Өзбекстан аумағына кірген кезде коронавирус инфекциясына экспресс-антиген тест тапсыруы тиіс екені айтылды.

Сондай-ақ, шекарадан өте алады:

  • Отанына оралған Өзбекстан мен Қазақстан азаматтары;
  • үкіметаралық фельдъегерь байланыс қызметкерлері;
  • халықаралық жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер;
  • ресми (үкіметтік) делегация құрамындағы адамдар;
  • дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме мен халықаралық ұйым қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;
  • Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан нысандарына қызмет көрсетуші персонал, сондай-ақ Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан нысандары;
  • қызметін инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асыратын азаматтар;
  • Өзбекстанда тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары;
  • ауыр сырқаттанған жақын туыстарына бару немесе жақын туысының жерлеу рәсіміне қатысу мақсатында келетін адамдар;
  • марқұмды тасымалдаушылар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова омикрон штамы табылған алғашқы астаналық туралы айтып берген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...