Алматыдағы тәртіпсіздіктер: полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев тәртіпсіздіктерден кейін полиция 405 қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Мұнда тәсіл әр заңбұзушыға байланысты жасалады. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен ауырлығын бағалаймыз. Осы мән-жайдың бәрін ескере отырып, қала прокуратурасы 71 тұлғаға қатысты әкімшілік жазаны жеңілдетті. Біз 91 адамды уақытша ұстау изоляторынан босаттық», – деді Жүйріктаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

«Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеп жатыр, 249 адам қамауға алынды. Қылмыскерлер қаладағы 2 мыңға жуық нысанды бүлдірді», – деді Алматы қаласының бас прокуроры.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов «Кемел Тоқаев» орденімен марапатталды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт және туризм академиясы базасында маңызды оқиға өтті. Академия президенті, профессор...