Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Сенатор «Тәлім ТВ» мен «Ел арнаны» жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды

Танымал

Ел аузында

Сенатор үкіметтің ұлттық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатор Нұртөре Жүсіп қазір «Алматы трагедиясына» үлкен мән беру керек және осы оқиғалардан сабақ алу маңызды деп санайды. Оның айтуынша, ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиені дамытуда айтарлықтай алшақтық болды. Дегенмен сенаторлар бұл мәселені Үкімет алдында бірнеше рет көтеріп, тіпті осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жіберген. Мәселен, өткен жылы Сенатта ұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі ілгерілету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Тыңдауға қатысушылар көптеген проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар берген.

«Сізден сол ұсынымдарға қайта назар аударуды, парламенттік тыңдау материалдарын Үкімет мүшелерінің бәріне таныстыруды және соларды жүзеге асыру үшін шұғыл әрекет етуді талап етемін! Сенат бес құндылықты – атап айтқанда, тәуелсіздік және тарихи таным, ел мен жер, тіл мен имандылық, ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие, білім мен біліктілік мәселесін қазақ қоғамының басты қағидаттары ретінде күн тәртібіне шығарды. Соның бірде біреуі назарға алынбады. Айтылған сөз айтылған жерде қалды», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутат сондай-ақ өзінің сауалында қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерді де айтты. Мұның ішінді телеарналардың негізгі бағдары да бар. Елдегі жетекші арналардың көпшілігі мемлекеттік тапсырыс есебінен бюджеттен қаржыландырылады. Оларға «рейтинг» не үшін керек деп сұрақ қойған депутат, «Ел Арна» және «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды. Мұндай контентті жасау қажеттілігінің маңыздылығын екі ай бұрын ел Президенті атап өткен болатын. Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін цифрлық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелерді көтерді.

«Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын! Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді! Бізге іргесі берік қоғам керек! Жаңарған Қазақ Елі керек! Осыны күн сайын есте ұстау керек!», – деді сенатор.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного в рамках молодежного проекта «Activity Boom». Конкурс стал значимым событием,...