Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты

Танымал

Ел аузында

Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшаларын қайта ашты. Ол Facebook пен Instagram парақшаларында Омар Хайямның даналық сөздері жазылған суреттерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Барлығы жақсы кезде Құдайды еске ал, қиын кезде ол да сені есіне алады», – делінген оның бірінші жарияланымында. Ал екінші даналық сөзінде: «Егер сізден біреу теріс айналса, уайымдамаңыз. Өмір сізді қажетсіз адамдардан арылтып жатыр», – делінген. 

Айта кетейік, Әлия Назарбаева 14 қаңтарда әлеуметтік желі парақшаларын өшіріп тастаған болатын. Instagram парақша иесінің БАӘ екенін көрсеткен еді.

Мұның алдында ол қаңтар айында болған оқиғаларға қатысты пікір білдірген. Өз жазбасында қиын кезеңде қолдау көрсеткен азаматтарға рахметін айтқан. Назарбаеваның парақшасы Meta компаниясының желілерінде расталған, демек парақша расымен Әлияға тиесілі дегенді көрсетеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...