Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанда зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленеді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда бұдан былай зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдаған мекемелерге субсидия төленеді, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы. 

«Күміс жас» республикалық жобасы іске қосылмақ. Бағдарламаны Қарағанды облысы бастайды. Биылға жоспар – 534 адам.

Аға буын өкілдеріне жұмысқа қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай санаттағы адамдарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс табуға көмектеседі. Оларды қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысы субсидияланады. Ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл 91 890 теңге.

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе «Еnbek» электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақ ауданында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Созақ ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...