Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Жалақы мен тұрғын үй төлемдерін ұлғайту: Қазақстандық мұғалімдерді өңірлерге қалай таратады

Танымал

Ел аузында

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Қазақстанда арнайы бағдарлама бойынша үздік педагогтарды өңірлерге тарату жоспарланғанын айтты. Бүгінде оқытушылар Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Алматы өңірлерінде жетіспейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ Маңғыстау, Атырау, Түркістан Алматы облыстарына үздік педагогтерді тарту үшін арнай ы бағдарлама жүзеге асырылады. Оларға жалақыны көтеріп, тұрғын үйді жалға алу мен комуналдық қызметтерге төлеу сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі”,- деді вице министр. 

Білім министрлігі осылайша аталған өңірлердегі білім беру сапасын арттыруды көздейді. 2022 жылы кемінде 70 мың педагогке жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарланған. Бұған дейін өзге өңірлерге жіберілген мұғалімдерге әлеуметтік көмек беру туралы Асхат Аймағанбетов те айтқан болатын.

Енді мұндай педагогтер үшін екі есе жоғары жалақы, тұрғын үй беру немесе пәтер ақысын өтеу мен қоса комуналдық қызметтер төлемін төлеу де қарастырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматинские врачи вернули возможность ходить пациентке

В Городской клинической больнице №7 города Алматы нейрохирурги восстановили 37-летней женщине функции нижней конечности. Теперь в течение года она...