Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Ресеймен қақтығыс жағдайы ушықса Украинадағы қазақстандықтар қайда жүгіне алады?

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресеймен қақтығыстар шиеленіскен жағдайда Украинадағы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан азаматтары қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал

Ел аузында

«Төтенше жағдайда қабылдаушы елден шығудың әртүрлі нұсқасы қарастырылған эвакуация процедурасы бар, оның ішінде құрлық және әуе. Елшілік қызметкерлеріне нұсқау берілді. Қазақстан азаматтары үшін өтініш бойынша сенім телефондары жұмыс істейді», – деді ҚР СІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, құрметті консулдар және олардың кеңселерімен азаматтардың оралуын жеңілдету және басқа да мүмкін болатын көмек мәселелері бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр. Украинадағы қазақ диаспорасы да көмектесуге дайын екенін білдірді.

«Жағдай ушығып жатса, Қазақстан азаматтары жедел желі телефондарына хабарласа алады: +38 067 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 044 483 15 96, +38 044 489 18 58. Сондай-ақ, азаматтар Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровно, Тернополь, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңсесіне жүгіне алады», – деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта 493 адам уақытша консулдық есепте тұр, бұл елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1110 адам бар. Қазақстан азаматтары негізінен, Украинаның Киев қаласында, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

Бұған дейін төрт мемлекет Украина Сыртқы істер министрлігіне олардың отбасы мүшелерін және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің бір бөлігін эвакуациялау немесе Украина аумағынан өз еркімен кетуге рұқсат беру ниеті туралы хабарлаған болатын. Бұл – АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Германия.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Жұмысқа орналастырып беремін» деп екі танысын алдаған әйелдің үстінен іс қозғалды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған әйелді анықтады.Күдікке ілінген әйел екі бірдей танысына мамандықтары бойынша мектепке жұмысқа...