Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

28.1 C
Nur-Sultan
30.7 C
Almaty
36.9 C
Shymkent

Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысының Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

•    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
•   саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
•    Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
•    «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

•    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
• Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
•  Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
•    қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
•    Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...